• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 13 Қыркүйек, 2021

Ақпараттық қауіпсіздік: Осал тұстар жойылды

373 рет
көрсетілді

Қазақстанның Киберқалқаны бағдарламасы аясындағы «Ақпа­раттық қауіпсіздіктің жаңа мо­делін енгізу (қайта жүктеу)» цифр­­лы трансформациялаудағы не­гізгі жобаларының бірін іске асы­ру бойынша қорытындылары шығарылды.

Жоба жетекшісі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кор­поративтік қауіпсіздік депар­та­ментінің бас менеджері Орынбасар Жүнісбеков ақпараттық қауіпсіздікті басқару процестерін енгізу кезіндегі негізгі өзгерістерді атап өтті. Жоба командасы осы саладағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді, сондай-ақ жобалық менеджмент пен өзгерістерді басқару әдіснамасын қолданды. Бұл процестерді енгізудің тиімділігі мен табыстылығының үле­сін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Самұрық-Қазына» АҚ қоры тобының бірінші портфельдік компаниясы орын алған оқиға туралы ақпаратты анықталған сәттен бастап 15 минут ішінде «Мем­ле­кеттік техникалық қызмет» АҚ жа­нындағы Ақпараттық қауіпсіздік ұлт­тық үйлестіру орталығына автомат­ты түрде береді. Сонымен қатар осал­дықтар мен жаңартуларды бас­қару процесі жолға қойылып, ақпа­рат­тық қауіпсіздік талаптарына сәй­кес­сіздіктер анықталуда. Бүгінде ұлт­­тық компанияның ақпараттық ре­сурс­­тарындағы 3 мыңнан аса қауіпті осал­дық жойылды. Компанияның бас­­пасөз қызметінің хабарлауынша, ақ­па­раттық қауіпсіздікті реттейтін ішкі құ­жаттардың орындалмауының не­гізгі себептері үнемі талданады және жо­йылады. Жаңа процестер мен технологиялар бойынша жұмыс істеу үшін біртіндеп жүзеге асырылатын нұс­қаулықтар әзірленді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» негізгі пайдаланушылары үшін 20-дан астам тренинг өткізілді.

– Біздің басты міндетіміз – қа­уіп­сіздік өндіріс пен тасымалдау мә­­де­ниетіне қосылғаны іс­петті кибер­қауіпсіздік туралы хабар­дар­лық­­ты енгізу және оны темір жол саласы мәдениетінде ұстану, – деді Орын­басар Жүнісбеков. – Ақпараттық күн­ге қатысушыларды онда талқы­лан­­ған мәселелер қызықтырды. Темір­жол­шылар ақпараттық қауіпсіздік про­цес­терін одан әрі енгізу қажеттілігін түсінеді.

Жоба командасы жеделдігінің нә­ти­жесінде аталған жоба белгіленген мер­зімнен 4 ай бұрын, яғни қыркүйек­те аяқталады.

 

«Егемен-ақпарат»