• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2021

Қазақстанның Бельгиядағы жаңа консулы тағайындалды

140 рет
көрсетілді

Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы консулдық округ және Қазақстанның құрметті консулының экзекватурасы мен патентін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрамына 35 мыңнан астам кәсіпорын кіретін «BECI» сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі, төрағасы Оливье Вилокс Қазақстанның жаңа Құрметті консулы болды.

Сонымен қатар, О.Вилокс – Брюссельдің Бизнес федерациясы мен Валлон кәсіпорындар одағы Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан ҚР-дың жаңа Құрметті консулымен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру жөніндегі нақты жоспарларды талқылады.