• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2021

Синтетикалық есірткілерді жарнамалағандарға жауапкершілік күшейтілді

125 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүлі брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ІІМ-ге бірқатар тапсырма берді.

«Президент басқа мәселелердің ішінде есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қауіпті айырықша атап өтті. Қазір ІІМ-де есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Синтетикалық есірткілерді бақылау тетігі жеңілдетілді. Оларды жарнамалау және интернет арқылы тарату үшін жауапкершілік күшейтілді. Электронды әмияндарды анонимді пайдаланушылар арасында ақша аударуға тыйым салынды», деді Нұрділдә Ораз.