• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Медицина 13 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда вакцина өндіретін екінші кәсіпорын іске қосылды

276 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының серіктесі саналады.

БҚПҒЗИ «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакцина, оның ішінде QazVac шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.

Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Антиген» ҒӨК «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтика зауытымен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген QazVac қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.