Италияның жағажай күзеті Жерорта теңізінде шамамен 40 мигрантты өлім аузынан құтқарып алды, деп жазады Egemen.kz.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі қайыққа отырған заңсыз келімсектер теңіз арқылы Еуропаға табан тіремек болды. Мигранттар Котроне қаласындағы портқа жеткізілді. Барлығы медициналық тексерістен өтті. Жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат жоқ.