Солтүстік Корея жаңа қанатты зымыранды сынақтан өткізді. Мемлекеттік БАҚ-тың жазуынша, ол Жапонияның көп жеріне соққы бере алады, деп жазады Egemen.kz.
KCNA ресми ақпарат агенттігі зымырандар демалыс күнгі сынақ кезінде 1500 шақырымға дейін ұшқанын хабарлады.
Бұл Солтүстік Кореяның азық-түлік тапшылығы мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, әлі де қару жасауға қабілетті екенін көрсетеді.
АҚШ әскерилері соңғы сынақтар халықаралық қоғамдастыққа қауіп төндіретінін, ал көрші Жапония «алаңдаушылық» бар екенін айтты.
Солтүстік Кореяның «Родонг Синмун» газетінде зымыранның фотосуреттері жарияланды.
KCNA агенттігінің хабарлауынша, зымырандар - «маңызды стратегиялық қару». Сынақтар сенбі және жексенбі күндері жүргізілген. Олар нысанаға дөп тиген.
Солтүстік кореялық сарапшы Анкит Панданың айтуынша, бұл елдегі ядролық оқтұмсықты алып жүре алатын бірінші қанатты зымыран.
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары Солтүстік Кореяға баллистикалық зымырандарды сынауға тыйым салады, бірақ ол тізімде мұндай қанатты зымырандар жоқ», деп жазады ВВС.