• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттады

559 рет
көрсетілді

Қазақстанда пияз бен қырыққабат бағасы қымбаттады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының жазуынша, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе және Көкшетауда қымбатшылық байқалады.

Бір жыл ішінде сүт бағасы 9,5 пайызға өскен.

Қырыққабаттың ең арзаны Алматыда келісі 82 теңгеден сатылып жатыр. Таразда - 95, Талдықорғанда - 99 теңгеден бағаланған. Ал Ақтауда килограммы 183 теңгеден болып отыр. Атырау мен Жезқазғанда да баға өскен - келісі үшін 140 теңге.

Пияз бағасы да өскен. Жезқазғанда келісі - 129 теңгеден, Атырауда - 126, Ақтауда - 125, Таразда 91 теңгеден сатылып жатыр.

Аталған өнім түрлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Жыл басынан бері олар 9,7 пайызға қымбаттаған.