• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2021

Есірткі саудалайтын 810 сайт бұғатталды

220 рет
көрсетілді

Биыл полиция қызметкерлері есірткі саудалайтын 810 интернет порталдың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, мұндай сайттар есірткі сатуды әлдеқайда жеңілдетті. Соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Олардың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы жабылды.

Тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңды айналымын да тексерді. Мәселен, дәріханаларда мұндай заттарды рецептсіз сатып жатқандар да аз емес болып шықты. Барлығы 18 қылмыстық бұзушылық анықталған.