Шымкентте орналасқан «Казмедприбор» ЖШС медициналық құрал-жабдықтар, жиһаздар мен көліктер шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жыл басынан бері «Казмедприбор» ЖШС 120 мың литрден астам дезинфекциялық зат, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды.
Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.
Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелеріне орнатылған.