1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауын өткізеді.
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауын өткізеді.
2. Байқау 2 кезеңнен тұрады:
Облыстық (қалалық) іріктеу байқаулары сәуір-тамыз айларында облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында;
Республикалық байқау Қазақстан Республикасы халқының тіл фестивалі аясында қыркүйек айында өтеді.
3. Байқауға 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
4. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ, мектеп мұғалімдері байқауға жіберілмейді.
5. Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:
- прозалық шығармадан үзінді оқу;
- драмалық шығармадан үзінді оқу;
- мәнерлеп өлең оқу.
Сондай-ақ, байқауда Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады.
6. Байқау шарттары:
оқылатын мәтін көлемі 2-3 минуттан аспауы керек;
дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды;
талапкер сарапқа ұсынуға таңдап алынған мәтіндерді жатқа білулері қажет.
7. Республикалық байқауға облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өткен байқаулардың жеңімпаздары (бір-бірден) қатыстырылады. Оларға жергілікті тіл басқармалары жолдама береді.
8. Республикалық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
көркем мәтінді таңдау талғамына;
сахнада өзін-өзі ұстауына;
сахналық киім сәніне баса назар аударады.
9. Байқау жеңімпаздары Тіл комитетінің бағалы сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталады.
Анықтама үшін: 01000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауына.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-05-01.
Ескерту: бұрынғы республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушылары биыл өткізілетін байқауларға жіберілмейді.