ҚР Сауда және интеграция министрлігінің экспортты дамыту департаментінің директоры Өмірбек Баштайдың айтуынша, «QazTrade» AliBaba компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Жыл соңына дейін ҚР сауда және интеграция министрлігі AliBaba-мен бірлесіп, Ұлттық виртуалды павильон ашуды жоспарлап отыр, онда барлық қазақстандық тауарлар орналасатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тамыз айында «QazTrade» AliBaba-мен келісімшартқа қол қойды. Жыл соңына дейін AliBaba-мен бірге kazakhstan.alibaba.com ұлттық виртуалды павильонын ашуды жоспарлап отырмыз. Онда барлық қазақстандық тауарлар орналасатын болады. Жалпы осы бағдарламаның арқасында электронды сауда алаңдарына шығару бойынша экспорттық келісімшарт 62,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл бағдарламаға негізінен шағын және орта бизнес қатысады», деді Өмірбек Баштай.