• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

Қызылордада ақбөкен атқан браконьерлер құрықталды

247 рет
көрсетілді

Кеше, 28 қаңтар күні Қызылорда қалалық прокуратурасының қызметкерлері облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясының өкілдерімен бірге облыс орталығына жақын маңдағы Абай ауылынан үйіне ақбөкен атып әкелген браконьерді құрықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш құқық қорғаушылар бірлесе жүргізген рейд барысында Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау (Абай) ауылындағы үйлердің біріндегі ауладан киік тұқымдас жануардың терісін тапқан. Бұл дерек бойынша олар қала прокуроры атына Қазақстан Қызыл кітабына енген аулауға тыйым салынған киік тұқымдас жануардың заңсыз ауланған денелері болуы мүмкін екендігін ескерте отырып, аталған үйдің ауласында тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы аулаға жасырылған 8 бас ақбөкеннің өлі денесін анықтады. Үй иесі мұны 27 қаңтардың кешінде Қызылорда-Құмкөл тас жолының 31-шақырымынан өлі киіктердің денесіне кезігіп,  ала келгенімен түсіндірді.  Қазір жинақталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 290-бабына орай процессуалдық шешім қабылданғалы жатыр. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 
Соңғы жаңалықтар