• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

Алматыда жалған ақша жасағандар қолға түсті

296 рет
көрсетілді

Алматы қаласында жалған ақша жасап келген қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.

Пәтерді жалға алған жігіттер компьютер мен принтердің көмегімен теңгені көшіріп басқан. Күдіктілердің қолынан шыққан 2000 және 5000 теңгелік банкноттарды білікті маман болмаса, түпнұсқадан айыру қиын. Әзірге мұндай жалған ақшалардың қаншасы айналымға түсіп кеткені белгісіз болып отыр. Тәртіп сақшылары қылмыс үстінен түскенде екі күдікті жалған 200 мың теңгені дайындап қойыпты. Қалған көшірмелерді диван астына жасырған.

Екі күдікті бұған дейін де жалған ақша жасағаны үшін сотталған екен. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған байланысты олардың қанша жалған ақшаны жасағаны және таратқаны белгілі болады.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы.

Фото: «КТК» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар