• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қыркүйек, 2021

Ерте темір дәуіріне жататын обалар анықталды

581 рет
көрсетілді

Қатонқарағай ауданы Аққайнар ауылының жанында орналасқан Шу қорымын зерттеу барысында әр түрлі жер үсті құрылысы бар елуден аса жерлеу кезіндегі ғұрыптық ескерткіштер шоғырланғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Обалар темір дәуірінің ерте кезеңіне жатады», дейді мамандар.

Мұндай болжам жасауға обадағы жерлеу ғұрпы негіз болған. Обаның қабір шұңқырында екі кісінің мәйіті қойылған, біріншісі - қару-жарақ асынған ірі денелі ер адам. Қарулардың ішінде қола қанжары және қоладан жасалған чекан бар.

Сонымен қатар жебелерді салатын қорамсақ, белдікке ілетін қола ілмегі бар. Жебелерінің ұштары сүйектен жасалған. Ал, қалғандары қола. Бұл жерде  қарулардың шынайы еместігін айта кету керек, себебі қарулар кішігірім көлемде жасалған.

Екінші мәйіт ер адамнан кейін жерленген. Оның көлемі кішілеу. Жамбас тұсына тері, қалтаға салынған қола айна қойылған.

 Мәйіттермен бірге қыш ыдыстары және қойдың құйымшағы қойылған. Қыш ыдыстардың ернеуінде өрнектері бар.

Аққайнар ауылында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жетекшісі белгілі археолог - Зейнолла Самашев.