• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

Футбол: Қазақстан құрамасы жеребеге соңғы себеттен қатысады

342 рет
көрсетілді

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу алдындағы жеребенің себеттері белгілі болды. Қазақстан құрамасы ең соңғы себеттен орын алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

 Себеттер алтыға бөлінген. Онда Еуропа елдерінен тек Франция ғана жоқ. Өйткені, ол чемпионатты өткізетін ел ретінде іріктеу сынына  қатыспайды. Оның есесіне жақында өзінің футбол тарихында алғашқы кездесуін өткізген Гибралтар құрамасы іріктеу жарыстарына қатысатын болады. Жалпы,  топтардағы құрамалар саны 6 елге  толығып отыр. Онда барлығы 54 елдің ұлттық құрамалары қатысатын  іріктеу сынында  әр топтың бірінші және екінші орын алғна командалары бірден Еуропа чемпионатына жолдама алады. Сонымен бірге әр топта үздік көрсеткішпен үшінші орынды алған құрама да Еуропа чемпионатына қатысады.  Ал басқа үшінші орын иеленген сегіз елдің қкомандасы төрт  жолдамаға таласады. Тағы бір айтатын нәрсе, Армения мен Әзербайжан, Ресей мен Грузия, Испания мен Гибралтардың бір топта ойнамайды деген шешім қабылданды. Бұл енді аталған елдердің қарым-қатынастарына, саяси жағдайына байланысты жасалған шара екенін белгілі.

Жеребе алдындағы себеттерге бөлінген құрамалар төмендегідей:

Бірінші себет: Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Англия, Португалия, Грекия, Ресей, Босния және Герцеговина;

Екінші себет: Украина, Хорватия, Швеция, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия;

Үшінші себет: Сербия, Түркия, Словения, Израиль, Норвегия, Словакия, Румыния, Австрия, Польша;

Төртінші себет: Черногория, Армения, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Беларусь;

Бесінші себет: Исландия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзербайжан, Грузия, Кипр;

Алтыншы себет: Люксембург, Қазақстан, Лихтенштейн, Фарер аралдары, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар;

Ескерту: Бір себеттегі құрамалар бір топқа түспейді.

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына 24 команда қатысады. Ал жеребе тарту рәсімі 23 ақпан күні Ницца қаласында өтеді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз:http://www.uefa.com/

Соңғы жаңалықтар