Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың 2021 жылғы 13 қыркүйек № 660 Қаулысымен Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
І дәрежелі «Айбын» орденімен
Әлімбеков Саят
Жанатұлы
(марқұм)
–
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
Заикин Сергей
Владимирович
(марқұм)
–
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
Қырғызәлиев Ерлан
Рысқұлбекұлы
(марқұм)
–
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Әділбек Әділет
Қанатбекұлы
(марқұм)
–
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
Кеңес Әліби
Бексұлтанұлы
(марқұм)
–
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
Қуатбек Ғафан
Жомартұлы
(марқұм)
–
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы
(марқұм)
–
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.