ШҚО Ұлан ауданында «Өскемен-Семей» бағыты бойынша 88 км автожолында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
1993 жылғы «Iveko Fiat» маркалы жүк автомобилінің кабинасы, доңғалақ қақпасы, бортының жанғыш бөлшектері және тауарлық – материалдық құндылықтары жанып кеткен.
Құтқарушылар жалпы ауданы 30 ш.м өртті сөндірді.
Мамандар өрт шығуының алдын ала себебін қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану деп болжауда.