• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

Филиппиндегі қақтығыстан 40 шақты адам қаза болды

184 рет
көрсетілді

Филиппинде әскерилер мен лаңкестер арасында орын алған қақтығыстан 40-қа жуық адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Филиппиннің Магинданао провинциясында елдің қарулы күштерінің жүргізіп жатқан арнайы операциясы кезінде қарулы қақтығыс басталған. 2 күн ішінде әскерилер содырлар жасырынған 3 лагерге шабуыл жасап, 37 лаңкестің көзін жойды. Операция барысында 1 сарбаз қаза тауып, 7-еуі жарақат алған.

Қарулы күш өкілінің айтуынша, олар экстремисттерге қарсы ұрыс жүргізіп жатыр. Полковник Эрмосо бүлікті лаңкестер шығарғандығын алға тартты. Олар әскери базалардың біріне шабуыл жасап, төтенше жағдай туғызған екен. Осыған байланысты елдің қарулы күштері арнайы операцияны бастап кетті. Бұл маңайдағы 10 мың адам баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.

Деректерге сүйенсек, Филиппинде 40 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстардан 150 мың адам қаза болған. 

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: 24.kz

Фото: Reuters.com

Соңғы жаңалықтар