• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2021

Ауғанстаннан келген қандастар қайда қоныстанады?

158 рет
көрсетілді

Өткен аптада Ауғанстаннан эвакуацияланған 35 қазақ бес облыстың бірінде қоныстана алады, деп жазады Egemen.kz.

Елге оралған қазақтар Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының біріне мекендей алады. Бұл туралы Informburo сайты жазды.

Сонымен қатар әр отбасына 204 мың теңгеден беріледі. Бұған қоса, бір жыл бойы ай сайын баспана жалдауға 87 500 теңге қаржылай көмек көрсетіледі.

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жоғарыда аталған жеңілдіктер Ауғанстан қазақтары аталған облыстарға қоныстанса ғана беріледі.

«Бұған дейін олардың Алматыдағы қонақ үйлердің біріне орналасқаны хабарланған еді. Олар мұнда 24 қыркүйекке дейін болады. Соған дейін олар қай өңірге барып қоныстанатынын шешуі тиіс», деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Билік дипломы барларына мамандығы бойынша жұмысқа тұруына көмектесетінін, білімі жоқтарды арнайы курста оқытуды жоспарлап отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар