• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қыркүйек, 2021

Алматыда бірнеше пәтерді тонаған ұры ұсталды

168 рет
көрсетілді

Алматыда тұрғындардың пәтерлерін тонаған ұры колға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Полицияға қала тұрғындарынан пәтерлерінің тоналғаны туралы бірден бірнеше арыз түсті. Ұрылар негізінен алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Пәтерлер тек бір тәсілмен және тек күндізгі уақытта ашылған. Іздестіру жұмыстары жүргізілді. Пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған, құлыптарды ашатын құралдары бар ер адам ұсталды», деді Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта күдіктінің пәтер ұрлығының 4 оқиғаға қатысы бар екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде.