• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2021

Қытай Ауғанстанда мыс өндіруді қайта бастайды

242 рет
көрсетілді

Ауғанстандағы тұрақсыз саяси және әскери жағдай Қытайға мыс кенішін игеруге мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қытайлық Jiangxi Copper корпорациясы 2007 жылы Логар провинциясының Айнак кен орнында мыс өндіру тендерін жеңіп алды. Компанияның бас директоры Чжэн Гаоцин онлайн-брифингте Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғаннан кейін тиісті тау-кен инфрақұрылымын салу жұмыстарын бастайтынын айтты.

Қазір компания Ауғанстандағы оқиғалардың дамуын жіті бақылап отыр. 13 қыркүйекте Бейжіңнің Ауғанстан халқына 31 миллион долларға гуманитарлық көмек, сондай-ақ үш миллион дозадағы COVID-19 вакциналарының партиясын бөлу жоспарлары белгілі болды.

8 қыркүйекте «Талибан» өкілі олардың ұйымы Пекинмен қарым-қатынас орнату үшін ұйғыр террористерімен қарым-қатынасты үзгенін айтты.

3 қыркүйекте «Талибанның» өкілі Забиулла Муджахид Қытай Республикасын содырлардың басты шетелдік серіктесі деп атады. Ол Қытай үкіметінің Ауғанстанды дамытуға инвестиция салуға дайын екенін атап өтіп, Бейжің Ауған тау-кен өндірісін қалпына келтіруді қолдайды деген үмітін білдірді.