«Талибан қозғалысы» (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) Ауғанстанның ұлттық батыры Ахмад Шах Масудтың бейітін қалпына келтірді, деп жазады Egemen.kz.
«Талибан» қабірді тәліптер қорламағанын айтады. Олардың айтуынша, мұны ұлттық батырды ұнатпайтын адамдар жасаған. Енді қабір қалпына келтірілді. Бұл туралы Sputnik Ауғанстан жазады.
Мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін тәліптер қабірдегі қауіпсіздікті күшейткенін хабарлады.
7 қыркүйекте тәліптердің Ауғанстанның ұлттық батыры Ахмад Шах Масуд қабірінің әйнегін сындырғаны белгілі болды.