Чехия президенті, 76 жастағы Милош Земан ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Шамамен бір сағат бұрын Республика Президенті Милош Земан ауруханаға түсті», деп хабарлады Прагадағы Орталық әскери аурухананың өкілі Итка Зинке.
Басқа ақпарат әзірге белгісіз.
Милош Земан - Чехияның мемлекеттік және саяси қайраткері, 2013 жылдың 8 наурызынан бастап Чехияның президенті. 1993 жылдан 2001 жылға дейін ол Чех социал-демократиялық партиясын басқарды.