Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы Динара Сәдуақасованы және оның анасы әрі ресми өкілі Орал Өтешованы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Жүздесу барысында Ақтоты Райымқұлова шахматшыны 12 шілде мен 6 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен Əлем Кубогының ширек финалына шығып, үздік сегіз шатматшының қатарына кіруімен құттықтады.
Өз кезегінде Динара Сәдуақасова министрге өзінің «Шахмат ойнап үйренейік» кітабын сыйлады.