• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2021

Қазақстанға дизель тапшылығы төнбейді

418 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі Қазақстанда дизель отынының тапшылығы болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлім еткендей, ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру немесе қысқарту туралы мәселе күн тәртібінде.

Бұдан басқа, жанармайдың, дизель отынының және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды көздейтін бұйрықтың қолданылуын тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе пысықталуда. Бүгінде энергетика, қаржы министрліктері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы бар.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 44 млн тонна мұнай экспортталғаны хабарланды. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, мұнай мен конденсат 56,1 млн тонна өндірілген, жоспардың ішінара орындалмауы Қарашығанақ жобасы бойынша артта қалу есебінен орын алған. Газдың да 35,5 млрд текше метрі өндірілді. Ірі жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі қажеттіліктерінің өсуі мен тауарлық газ өндірісінің азаюы себебінен 5 млрд текше метр экспортталды.