• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2014

Қаржылық бақылау босаңсымайды

275 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы терең мән-мағынаға ие әрі онда басты мақсатымыз – Қазақстанның дамып өркендеуіне қол жеткізу жөнінде нақты міндеттер белгіленген.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы терең мән-мағынаға ие әрі онда басты мақсатымыз – Қазақстанның дамып өркендеуіне қол жеткізу жөнінде нақты міндеттер белгіленген.

Осы құжатта еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының негізгі мақсаттары айқындалып, халқымыздың маңызды құндылықтарын орнықтыруды көздейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы көрініс тапқан.

2014 жылғы Жолдау «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нақты бағдарламасын және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру туралы нақты тұжырымдамалық көзқарасты қамтиды. Елбасының белгілеп көрсеткен бағыт-бағдарлары Қазақстан экономикасының түбегейлі жаңғырып, бәсекеге қабі­леттілігі мен даму қарқынының арта түскендігін айғақтайды.

Елбасы Стратегияны іске асыру­дың төрт негізгі қағидатын айқындап берді, олар: қабылданатын барлық ше­шімдердің прагматизмі мен эволю­циялылығы қағидаты, өзара тиімді ашық­тық қағидаты, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты, бүкіл­халықтық қолдау қағидаты. Атал­ған мақсатқа қол жеткізу үшін мін­дет­терді кезең-кезеңімен іске асырып, халқымыздың өмір сүру сапасын жыл­дан-жылға арттырып отыру қажет.

«Алдымен – экономика, сонан соң саясат» деген мемлекеттік саясат қағидатын алға тарта отырып, Мемлекет басшы­сы жаңа стратегиялық құжатта ұлт­тық экономиканы дамытудың жаңа қағи­дат­тарына көшуді ұсынды. Осылардың негізінде барлығын түгелімен қамтитын экономикалық прагматизм жатыр, яғни мұның мәнісі барлық басқару ше­шім­дерін экономикалық орындылық тұрғы­сынан қабылдаған жөн дегенге саяды.

Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы еліміздің ұзақмерзімді кезеңге арналған бағытын айқындайтын оның жаңа даму кезеңінің бастауы саналады. Сөй­тіп, Мемлекет басшысы нақтылап берген келелі міндеттер табыс­ты түрде іске асы­ры­­луда. Өт­кен жылда ат­қарылған жұмыс­тар­ды саралайтын болсақ, Ел­ба­сының нұсқаған бағытын бағындыру жолында Қа­зақ­стан алға қарай батыл қадам басты деп нық сеніммен айтуға болады.

Ел тарихында тұңғыш рет мем­ле­кет­тік басқару жүйесінде ауқымды сая­си реформа жүзеге асты. Жергілікті би­лік өкілдерін сайлау, мемлекеттік орган­дардың есептілігі және олардың қыз­метінің айқындығы, жергілікті маңызы бар мәселелерді нақты шешуде халық мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыра түсті. Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін меритократия мен бәсекелестік принциптеріне негізделген әкімшілік реформаның маңызды кезеңі іске асырыла бастады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Президент айқындап берген еліміздің саяси бағыт-бағдарын әрі қарай іске асыру мемлекеттік басқару органдары мен бүкіл қоғам тарапынан барынша күш жұмсауды талап етеді. Осыған орай, бюджет қаражатының жұмсалуына тәуелсіз сыртқы бақылауды жүзеге асыратын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне айрықша міндет жүктеліп отыр. Еліміздің жоғары қаржы бақылау органының жауапкершілігі аясына ұлттық ресурстарды басқаруға байланысты мемлекеттің қызметі кіреді. Атап айтқанда, бюджет-қаржы процесін бақылау, мемлекет қаражатының ұқып­ты әрі тиімді пайдаланылуын қадағалау. Сон­дай-ақ, «2050» Стратегиясын іске асыруға бөлінетін қаржының жұм­салуына да баса назар аударылуда.

Мемлекет басшысы ең озық әлемдік тәжірибеге сүйенген мемлекеттік аудит­тің кешенді жүйесін құрудың қажет­тігін атап көрсеткен еді. Мемлекеттік қар­жылық бақылау – бюджет про­цесін бақылап отыратын тетік қана емес, сонымен бірге, эконо­миканың жай-күйіне мониторинг жүргізу, яғни бө­лінген қаражатты мем­лекеттің қалай пайдаланып жатқанын бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені. Өкінішке қарай, Есеп комитеті қаржылық бұзушылықтардың жыл­дан-жылға артып келе жат­қандығын атап өтуге мәжбүр. Бұл бұзу­шы­лықтар көп жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау саласында кездесетін елеулі кемшіліктер мен заңнамалық олқылықтарға байланысты екенін айта кету керек. Сондықтан, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді орындау үшін мемлекеттік қаржылық бақылаудың тетіктерін де жаңғырту қажет.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің мемлекеттік аудитке көшуі Есеп комитетіне өз қызметін озық ха­лық­аралық стандарттарға сай, әлде­қайда тиімді әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады. Мемлекет басшысының ең озық әлемдік тәжірибеге негізделген мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында елімізде Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы қабылданды. Атал­ған тұжырымдаманың мақсаты – қол­даныстағы мемлекеттік қаржылық ба­қылау жүйесін реформалаудың негіз­гі бағыттарын және мемлекеттік аудит­ті енгізуге тұжырымдамалық ұста­ным­дарды айқындау.

Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың тиімді жүйесі Мемлекет басшысын, Парламентті, Үкіметті және жалпы жұртшылықты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі, қаржыны жұмсаудың заңдылығы, үнемділігі және тиімділігі принциптеріне сай, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдалануы туралы объек­тивті әрі шынайы ақпаратпен қамта­масыз етуге тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік аудиттің түрлерін, субъектілері мен нысандарын регламенттейтін заңнамалық базаны қалыптастырып, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізудің халықаралық стандарттарға сай келетін әдіснамалық негіздерін дайындау, мемлекет қаражаты мен активтерінің тиімді пайдаланылуын бақылайтын құрал ретінде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіріп, мемлекеттік аудит органдарының өкілеттіктері мен өзара іс-қимылының аражігін айқындай отырып олардың теңдестірілген құрылымын қалыптастыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың халықаралық талаптарға жауап беретін жүйесін құру, мемлекеттік аудиттің интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасап, мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудан өткізудің жүйесін енгізу қарастырылған.

Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік аудитті енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезеңі – 2013-2014 жылдарға, екінші кезеңі 2015-2017 жылдарға есептелген.

Бірінші кезеңде мемлекеттік аудиттің Лима декларациясының қағидаттарына және халықаралық стандарттарға сай келетін заңнамалық және әдіснамалық базасын қалыптастыру қарастырылған. Атап айтқанда, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр, аталмыш заң жобасы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарын ұйымдастырудың, олардың қызметі мен өкілеттіктерінің бірыңғай қағидаттарын белгілеуге бағытталған. Қазіргі уақытта аталған заң жобасы Парламентте талқылаудан өтуде.

Қорыта келгенде, «2050» Стра­те­гия­сының басты мақсатына, яғни қазақ­стандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін түбегейлі арттыруға Мемлекет басшысы қойған стратегиялық мін­деттерді шешкен жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Қазақстан кең көлемді жобаларды табысты іске асыра алатындығын сан мәрте дәлелдеген болатын. Республикамыздың соңғы жиырма жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері болашаққа жарқын болжам жасауға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі сәтте осы бір ауқымды да маңызды құжатты әрқайсымыз мұқият ой елегінен өткізіп, оны орындау үшін нақты жұмысқа кіріскеніміз жөн.

Есеп комитеті қаржылық бақы­лау­дың жоғары органы ретінде еліміз­дің әлеуметтік-экономикалық жаңғы­руының жаңа кезеңі жағдайында бар­лық күш-қуатын Қазақстан Респуб­ликасының табысты дамуы үшін жұм­сайтын болады.

Ерлан ТҰРЛЫБЕКОВ,

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау

жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар