Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол - менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл - біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл - қазақ стилі», деп жазды Әлімханұлы Twitter желісіндегі парақшасында.