• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қыркүйек, 2021

Самбодан әлем чемпионын өлтіріп кетті

155 рет
көрсетілді

Ташкентте төбелес кезінде пышақ жарақатын алған 29 жастағы қашқадариялық спортшы Камолиддин Расулов қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.

Күдікті ретінде басқа бір спортшы қарастырылып отыр.

Өзбекстан бас прокуратурасы хабарлағандай, оқиға 13 қыркүйекте Ташкенттің Үчтепе ауданында болған. Кешкісін күдікті делінген адам Камолиддин Расуловқа телефон соғып, оның кеңесімен сатып алған Humo Trop витаминдерін қолданғаннан кейін денсаулығы нашарлап кеткенін, дәрігерлер айықпас дерт деген диагноз қойғанын айтқан.

«Кейін екеуі кездескен. Араларында жанжал шыққан. Төбелес кезінде күдікті Камолиддин Расуловқа бірнеше рет пышақ сұққан. Күдікті ұсталған. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр», деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, ұсталған адам дзюдо және ұлттық күрес бойынша Өзбекстан чемпионы.