• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 15 Қыркүйек, 2021

Ұлттық тестілеу орталығы қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр

656 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық тестілеу орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын», делінген құжатта.

Орталық қызметінің негізгі мәні білім беру саласында қызмет көрсету болып анықталды.

Құжат 29 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін орналастырылған.