Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.
«Оңтүстік Кореяның штаб бастықтары бұл туралы хабарлады... бірақ толық мәлімет бермеді», деп жазды Ренхап агенттігі.
Бұл КХДР қаруының биылға бесінші рет өткізіп отырған сынағы екені айтылды.
Солтүстік Корея 11-12 қыркүйекте қашыққа ұшатын жаңа қанатты зымыранды сәтті сынақтан өткізді және оны Корея жұмысшылар партиясы өкілдері тамашалаған. Сынақтың бәрі сәтті өткен, зымырандар 1,5 мың шақырым қашықтағы нысандарға соққы бере алды.Бұған дейін КХДР қаңтарда және наурыздың аяғында зымыран сынақтарын өткізді. 21 наурызда Сары теңізге қысқа арақашықтағы екі қанатты зымыран ұшырылды, ал 25 наурызда Жапон теңізіне қарай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзған екі баллистикалық зымыран ұшырылған.