Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау-Астрахань тас жолының бесінші шақырымында магистральдық газ құбыры тесілген.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының жөндеу бригадалары апат болған жерге дереу барды. Ақауды жою үшін облыс орталығының жартысын газдан ажырату қажет болған.
«Жөндеу жұмыстарын кешкі 20.00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр», деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.