БҰҰ Ауғанстанда азық-түлікке деген сұраныс артуына байланысты Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан қоймаларында қажетті тауарлар қорын көбейтіп жатыр. Негізгі логистикалық орталық Өзбек Термезінде құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.
Бұл туралы Нью-Йоркте өткен брифингте БҰҰ ресми өкілі мәлімдеді.
Бірнеше күн ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктері Ауғанстан провинцияларына гуманитарлық жүк жеткізді.
Бір күн бұрын Босқындар басқармасының легі Нангархарға аман-есен жетті.