• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қыркүйек, 2021

Өзекті мәселелер басты назарға алынған

175 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын түркістандықтар зор ықыласпен қабылдады деп айтуға болады. Өйткені Жолдауда елдің сөзі айтылды, халықтың қамын жеген ойлар қозғалды.

Биылғы Жолдауда Прези­дентіміз әлеуметтік маңызы бар мәселелерге ерекше екпін бергенін атап көрсеткім келеді. Әсіресе, Жолдаудың қарапайым халыққа жағымды тұстары – азық-түлік бағасын өсірмеу, ауылшаруашылық секторындағы (жайылым, агроөнеркәсіп) кем­ші­ліктерді жою жөніндегі бастамалары болды. Сонымен қатар Жолдауда денсаулық, білім, ғылым, спорт және цифрландыру салаларын әрі қарай дамыту керектігі ай­тылды. Мұның барлығы өскелең ұрпағымыздың қо­ғам­да саналы азамат болып қалып­тасуына әсер етеді. Мемлекет басшысының Жол­дауын қолдай келе, қазіргі пандемия заманында елімізге аман­дық, бере­ке-бірлік, тыныштық тілеймін.

Әбдіхан ӘБДІҚАДЫРОВ,Түркістан қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы