Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 қыркүйектегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
16 қыркүйектегі мәлімет бойынша 74 492 адам коронавирус инфекциясынан (66 006 КВИ+ және 8 486 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: 1 105 адамның жағдайы ауыр, 321 пациенттің жағдайы өте ауыр, 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.