• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2021

Пәкістанда лаңкестермен атыс кезінде 7 сарбаз қаза тапты

393 рет
көрсетілді

Пәкістанның Оңтүстік Вазиристан ауданында лаңкестермен атыс кезінде 7 әскери қызметкер қаза тауып, 5 содыр өлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, атыс Азман Манза ауылында антитеррорлық операция кезінде болған. 

Аймақта операция әлі де жалғасуда.

Әскерге шабуыл жасаған топ туралы ақпарат әзірге жоқ.

«Техрик-е Талибан Пакистан» (TTP) террористік ұйымы 2007 жылы Пәкістанда құрылған және аймақтағы бейбіт тұрғындар мен әскерилерге шабуыл жасаумен келеді.

Исламабад TTP Ауғанстаннан басқарылады деп мәлімдейді.

2014 жылдан бері ТТР-ға қарсы әскери операциялар барысында Пәкістанда 5 мыңнан астам террорист жойылды, 700 -ден астам сарбаз қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар