Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталған барлық мән-жайлар туралы баяндауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей ТК хабарлағандай, 2018 жылы қайтыс болған ММХҚИ студентінің анасы әлеуметтік желіде Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге институт проректорына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш білдірді.
«Әйел университет басшысы қыздың өліміне кінәлі жігіттің отбасымен таныс болғандықтан, қылмыстың жасырылуына ықпал еткенін айтады. Сот бұған дейін жас жігітке ақтау үкімін шығарған болатын, ал Мәскеудің Никулин соты оны ақтады. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым жазды, өткен айдың соңында іс Мәскеу қалалық сотына жіберілді», деді департамент.
Бастрыкин өзінің қол астындағыларға тергеудің барлық кезеңдерін баяндауды, қыздың өліміне әкелген оқиғаны зерттеп, нақты есеп беруді тапсырды.