• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қыркүйек, 2021

Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің бас жүлдесін ұтты

270 рет
көрсетілді

Таеквондодан Қазақстан командасының өкілі Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ыстамбұлда таеквондодан «WT President' s Cup Europe» халықаралық рейтингтік турнир өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы екі медальға ие болды. Әйелдер арасындағы жарыста 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансель Дениз турнирдің алтын медалін жеңіп алса, ерлер арасында Самирхан Әубәкіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.