• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қыркүйек, 2021

Биыл 37 жаңа жатақхана пайдалануға беріледі

303 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 37 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі. Жалпы, соңғы үш жылда үшінші әлеуметтік бастама шеңберінде елімізде 85 жаңа жатақхана іске қосылып, 22 мыңнан астам студент қоныстанды. Айта кеткен жөн, соңғы 10 жылда елімізде тек 8 жатақхана салынған.

«Министрлік Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студенттер жатақханаларын салу мен қайта құру қарқынын жеделдетудің жаңа тетіктерін әзірледі. Атап айтқанда, жатақханалар нысаналы құрылыс және жоғары оқу орындарының өз қаражаты есе­бінен, сондай-ақ мемлекет-же­ке­меншік әріптестік қағидаты бо­йынша салынады. Яғни инвес­торлар өз қаражатына жатақхана салады, ал министрлік оларға мем­­лекеттік тапсырысты орна­лас­­­­­ты­рып, студенттің әрбір жа­тын орнын төлейді», деді Білім және ғылым министрлігінің Қар­жы орталығының президенті Асқар Ибраимов.

Мұндай алгоритм студенттік жатақханалар санын едәуір арт­тыруға және студенттердің өмір сүру жағдайларын жақ­сар­туға мүмкіндік берді. Құ­ры­лыс жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласында, Қызылорда, Қара­ған­ды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында белсенді жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан және Алма­ты қала­ларында­ жеке­ инвесторларды қосымша ынталандыру үшін мемлекеттік тапсырыс көлемін 47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл қалаларда жатақ­ха­на­лар­ға аса қажеттілік байқалады. Сондай-ақ қазіргі уақытта мем­ле­кеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 5 жылға де­йін қысқарту жөнінде ұсыныс әзір­ленді.

Жоғары оқу орындары мүм­кін­­діктеріне қарай өз қаража­ты есебінен жатақхана салады. Кейбір оқу орындары тұрғын үй, жатақханалар мен қонақ үйлерді жалға алу арқылы студенттердің тұрғын үйге деген қажеттілігін төмендетіп жатыр. Бүгінгі таңда 13 жоғары оқу орны 5 мың студенті үшін жатын орындарды жалға алды. Келесі жылы 60-қа жуық студент үйі пай­да­ла­ну­ға беріледі деп жоспарланып отыр.