Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және дәстүрлі «Қала күні» мерекесіне орай JaiyqFilmFest халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өтуде.
Дарынды авторларды, режиссерлер мен актерлерді, сондай-ақ үздік фильмдерді анықтауды мақсат еткен жоба аясында тәжірибе алмасу үшін шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр.
Фестивальдың ашылу салтанатында адамның ашкөздігі, қатыгездігі мен ерекше өмірі суреттелген Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Конокрады. Уақыт жолдары» фильмінің тұсаукесері және жабық көрсетілімі ұсынылды. Фильмнің басты кейіпкері – Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова. Фестивальда Алтынай Нөгербек, Ерлан Нұрмұхамбет, Жеңісхан Момышев және қазылар алқасының төрайымы Меруерт Өтекешова төрелік етуде.
Сондай-ақ қазіргі қазақ киносының өкілдері шақырылған. Айта кетейік, кинофестивальға өтінім беру 10 қыркүйекте аяқталаған еді. Жалпы саны 101 өтінім келіп түссе, оның 31-і екінші кезеңге өтті. Додада Қырғызстан, Өзбекстан, Беларуссия, Украина, т.б. 10-нан астам өзге мемлекеттің кинолары бақ сынап жатыр.