• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қыркүйек, 2021

Иран ШЫҰ елдеріне қосылуға шешім қабылдады

219 рет
көрсетілді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің көшбасшылары бірлестікке Иранды қосуды ұйғарды. Олар Тәжікстандағы саммит кезінде процедураның басталуы туралы құжаттарға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

ШЫҰ көшбасшылары бірлестіктің 20 жылдығына арналған Душанбе декларациясына және ынтымақтастық туралы тағы 30 құжатқа қол қойды. Сонымен қатар, Катар, Египет және Сауд Арабиясы ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесін алды.

17 қыркүйекте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен өткен саммитке ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысты. Олардың қатарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бар. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан премьер-Министрі Нарендра Моди және Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ отырыстарының жұмысына бейне байланыс арқылы қосылды.