• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

111 рет
көрсетілді

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қаулыда спорт кешендері, спорттық-сауықтыру мен фитнес, йога орталықтарының жұмысына рұқсат берілді.

Монша, сауна, СПА, бассейн қызметіне де рұқсат. Демалыс күндері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар 00:00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Ал Ashyq көшбасшылары түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, асханалар және басқалар) жұмыс істейді, бірақ келушілер саны бір уақытта 70 адамнан аспауы керек.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.