Алматыда төрт қабатты тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер Н. Назарбаев даңғылы 124 мекенжайында төрт қабатты үйден шыққан өртті оқшаулады.
Алдын ала болжам бойынша өрт 1500 шаршы метрді шарпыды. Тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
«Өрт оқшауланды, үшінші, екінші, бірінші қабатты өрттен аман алып қалды. Сондай-ақ қазір үйінділерді алып тастау және су төгу жұмыстары жүргізілуде. Жан-жақтан төрт жауынгер учаске құрылып, барлық периметр бойынша 14 әмбебап өрт сөндіру оқпандары енгізілді», деді қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.