Қазгидромет 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік - батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Түркістан облысының таулы жерлерінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.