2021 жылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.