Өңірлік төтенша жағдайлар департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, бүгін таңертең Ақтау маңындағы 4-индустриалды аймақтың өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.
Келген өрт сөндірушілер ашық жерде көлік дөңгелектері жанып жатқанын анықтады.
Өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге үш техника мен 13 жеке құрам жұмылдырылды.