• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қыркүйек, 2021

Франция тарихта бірінші рет АҚШ пен Австралиядағы елшілерін шақыртып алды

379 рет
көрсетілді

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан бұған дейін Канберраның сүңгуір қайықпен келісімшартты бұзуына байланысты АҚШ пен Австралиядағы елшілерін консультацияға шақыртып алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Эмили Хорн Париж өз елшісін шақырып алғаннан кейін де француз билігімен тығыз байланыста екенін және алдағы күндерді келіспеушілікті шешуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды. Австралия бұған дейін қорғаныс және қауіпсіздік бойынша Ұлыбритания және АҚШ-пен әріптестік орнатып, француздық Naval Group компаниясымен сүңгуір қайықтар туралы жасаған келісімін бұзатынын мәлімдеген.

«Ғасыр келісім-шарты» деп аталатын 56 миллиардтық еуро келісімі бойынша 12 шабуылға арналған сүңгуір қайық шығарылуы керек болатын.

Ле Дриан Австралияның шешімін «арқадан пышақ сұғу» деп атады. Париж Австралиядан да, АҚШ-тан да түсініктеме күтеді.