• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 18 Қыркүйек, 2021

Бюджеттен 62 млн теңге жымқырғандар сотталды

350 рет
көрсетілді

Ветеринарлық станция директоры мен есепшісі 62,9 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айында Шу аудандық сотының үкімімен «Шу ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК директоры Д. Тілемісов (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) - 8 жылға, мекеменің бас бухгалтері С. Аукешева (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына оларды негізсіз аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.