Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясындағы өзенде жолаушылар кемесі аударылып, сегіз адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.
РИА Новости жазуынша, оқиға сенбіде жергілікті уақыт бойынша 16:50-де болған. 40 адамдық кеме Люпаньшуэй қаласының Лючжи арнайы ауданындағы Цзангке өзенінде аударылып қалған.
Нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кеткен.
Бүгін таңертең 31 адам құтқарылды. Құтқарушылар сонымен қатар 8 құрбанның денесін судан алып шықты.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның себебін анықтауда.