• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қыркүйек, 2021

АҚШ Гаитиден келген мигранттарды кері қайтарады

279 рет
көрсетілді

АҚШ Гаитиден келген 10 мыңнан астам мигрантты отанына қайтарады, деп жазады Egemen.kz.

«Хабар 24» жазуынша, Мексикамен шекаралас Техас штатында қазір 10 мыңнан аса босқын бар. Әсіресе кейінгі аптада адам саны көбейген. Олар теңіз арқылы шекараны заңсыз кесіп өткендер. Қазір көпір астын паналап немесе қолдан жасалған шатырларда тұрып жатыр.

Билік оларды тамақпен қамтамсыз етуге тырысқанымен, су және азық-түлік тапшылығы туындап, санитарлық талаптар бұзылған. Енді АҚШ билігі Гаити азаматтарын кері қайтару үшін күніне он шақты әуе сапарын ұйымдастырады.

«Бұл адамдар 4-5 ай жүріп, әрең дегенде АҚШ-қа жетті. Кейбіреулер жарты жолда көз жұмды. Қиын жағдайдан қашып келіп отырғанда, америкалықтар оларды кері қайтармақшы. Мигранттарды АҚШ сияқты держава қабылдамаса, Гаити биігі қайтып келген азаматтардың жағдайын жетістіре қоймас», деді Haitian Bridge Alliance қауымдастығының өкілі Герлин Йозеф.

Негізі, Дональд Трамп тұсында АҚШ-та көші-қон ережелері қатаңдатылған. Алайда билік басына Джо Байден келгелі көбінің күші жойылды.

Соңғы ақпарат бойынша, кейінгі 11 айда АҚШ-қа Гаитиден 29 мың мигрант келген. Олардың дені – 2010 жылғы алапат зілзаладан кейін Оңтүстік Американың өзге елдеріне бас сауғалаған азаматтар.