Орта салмақта IBF белбеуінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.
«Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді», деді Леффлер.
«Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар», деді промоутер.